"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛЫ ЖӘНЕ PROM ENERGY КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Ағымдағы жылдың 02 қазанында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына Ақтау қаласындағы Өзбекстанның Бас консулы Атабек Тұрсынбеков және Prom Energy (Өзбекстан Республикасы) компаниясының өкілдері келді.

Кездесу барысында делегация мүшелері АЭА аумағында іске асыруға ұсынылатын жобаларды ұсынды, өз өңірлерінің әлеуетімен таныстырды және АЭА қатысушыларының нысандарын аралады.

Өз кезегінде "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев АЭА-ның қызметімен, мемлекеттік қолдау шараларымен және одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды.

Prom Energy күн панельдерін орнатуға және күн шешімдерін жобалауға маманданған. Компания өз қызметін 2017 жылы экологиялық таза, ыңғайлы және үнемді энергия көздерін өндіру мақсатында бастады.

Инвестициялар тарту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Пархатұлы Ниязходжаевтың ағымдағы жылғы қыркүйектегі АЭА аумағына сапары барысында қол жеткізілді.

"Ақтау Теңіз Порты" АЭА баспасөз қызметі 

Желілерде бөлісу:

  • 145